«Ашыбұлақ ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
Қазығұрт аудандық білім бөлімінің №79 бұйрығы және мектептің 2024-2025 оқу жылындағы Азаматтық қорғаныс жөніндегі негізгі іс шаралар жоспарына сәйкес және
1 Наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай 04.03.2025ж « Ащыбұлақ» жббм «Жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі бойынша» оқу жаттығу өткізілді. Іс шараның мақсаты:
Оқушыларда жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардағы іс -әрекет бойынша оқушыларда теориялық білім мен практикалық
дағдыларды қалыптастыру,«Баршаның назарына!» дабылы бойынша, сондайақ төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекет әдістер негіздерін пысықтау.
Информатика пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасу мақсатында аудан мұғалімдерінің семинары болып өтті.
Өткізілген күні : 06.12.2024ж
Қатысқандар : 45
Тақырыбы : «Цифрлық білім беру процесі : ҰБДҚ,мектеп кітапханасы, электронды оқулықтар»
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Б.Қуанышевтың ұйымдастыруымен 2025 жылдың 19 ақпан күні «Ащыбұлақ» жалпы білім беретін мектеп базасында тарих пәнінен аудандық семинар өтілді.
Тақырыбы: «Тарихты оқытудағы инновациялық әдістер: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелер».
Мақсаты: «Тарих пәнінде құндылықтарға негізделген белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың тарихи білімдерін тереңдету, сыни ойлау қабілеттерін дамыту және құндылықтарды түсіну мен өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру».
Семинарға аудан мектептерінен жалпы саны 58 тарих пәні бірлестігінің мұғалімдері келіп қатысты. Семинар жоспар бойынша жүйелі өтті, кіріп келгеннен мектептің аурасы бөлек, мұғалімдер қонақжайлылық танытып, қарсы алды, дәліздің безендірілуі адамға жақсы көңіл-күй сыйлады. «Ащыбұлақ» жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Г. Құтымбет «Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі» тақырыбында, Н.Уралбаев «Ахмет Байтұрсынов - Ұлт ұстазы» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың өтілу барысы өз деңгейінде өтті. Мектеп психологтары «Жүректен жүрекке» тақырыбында тренинг сабақ өтіп, келген мұғалімдерге тамаша көңіл күй сыйлады.
Семинардың екінші бөлімінде: С. Сейфуллин жббм тарих пәнінің мұғалімі Ақерке Қожабекова «Тарих пәнін оқытудағы инновациялық әдістер мен оқу формалары»тақырыбында шебер сынып өтті. «Оқушының жетістікке жету жолындағы мұғалімнің шығармашылық қызметі» тақырыбында «Ащыбұлақ» жббм мұғалімі Құтымбет Гүлнизат апай өз тәжірибесімен бөлісті. Уралбаев Нұржігіт ағай «Тарихты оқытудағы инновациялық әдістер: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелер» тақырыбында коучинг өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің