Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ашыбұлақ ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ
2025 жылдың 28 қаңтар күні Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Ащыбұлақ" жалпы білім беретін мектеп базасында аудандық білім бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Құралбаева Гулсара Әлімқызының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды сақтау және дәріптеу, қоғамдағы салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, тіл мен мәдениетті насихаттау арқылы ұлттың рухани негізін нығайту мақсатында "Оқу тәрбие үдерісінде білім алушылардың бойында құқықтық мәдениет —азаматтық қоғамның негізгі құндылықтарын қалыптастыру" тақырыбында іс тәжірибелік семинар болып өтті.
Семинар “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» тақырыбындағы онкүндік аясына кіріктірілді.
Семинарға аудандық ардагер ұстаз ұйымының төрағасы Ж. Құрбанов және аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Салтанатты іс шараны АББ тәрбие саласы бойынша әдіскері Г.Құралбаева ашып , жиынның мақсатымен таныстырып өтті.
✅️«Ащыбұлақ» жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Пралиева «Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі нормативтік-құқықтық құжаттары» тақырыбында жазылған озық әдістемелік тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар,бастауыш және жоғарғы сынып жетекшілері семинарда тақырыпқа байланысты ашық тәрбие сағаттарын өтіп, қауіпсіздік сағатын да кіріктіріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Мектептің психолог маманы Д.Балтаева келген қонақтарға “Көңілді көңіл-күй” тақырыбында тренинг ұйымдастырып, қатысушылар алғысына бөленді. Семинар соңында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сарыбаева “Сиқырлы киіз үй” атты тренингімен тамамдады. Тренингте тәрбие саласына байланысты түрлі сұрақтар қамтылып, тәрбие саласының мамандары сұрақтарға дұрыс жауаптарын беріп, сыйлықтарын алды.
Нәтижесінде, барша семинарға қатысқан тәрбие орынбасарларының пікірлері, ұсыныстарын қорытындылай келе,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Пралиеваның әдәстемелік іс тәжірибесі аудан көлемінде таралып, барша сабақ өткен ұстаздар да АББ –нің марапатына ұсынылды.
 
 
 
 
 
© 2025 «Ашыбұлақ ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің